Ақтаудағы 19-шы шағын аудан тұрғындары бірнеше сағат тоқсыз отырды. Ашынған жұрт апат болған жерге жиналып, шу шығарды. Комерциялық нысанның иесі қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жер астындағы кабельді үзіп алған. Салдарынан 4 үйдің тұрғындары жарықсыз қалған.

Жиналған жұрт үзілген кабельдің жалғанғанын тағатсыздана күтіп тұр. Мұндағы тіршілік тоққа тікелей тәуелді. Ас дайындау үшін де электр көзі қажет. Себебі, газ әлі күнге дейін берілмеген. Бұдан бөлек жылу мен суды жоғарғы қабатқа дейін жеткізуге су айдау қондырғысы тоқпен жұмыс жасайды. Ал жедел саты айтпасада түсінікті.

АМАНДЫҚ ӘМИНОВ ТҰРҒЫН:«Насостың бәрі тоқтайды. Жылу жүйесі тоқтайды. Қараңғы қалды деген сол. Газ жоқ, лифт жоқ. Жап-жаңа осы жерде бір келіншек айтып келді лифтінің ішінде қалып қойдым деп».

НАЙМАН САРКУЛОВ ТҰРҒЫН:«Өзім 40 минут лифтінің ішінде тұрдым. Осы 9 күннің ішінде соңғы, мынау үшінші рет қайталанып тұр. Өткенде 13-14 сағат тоқ болған жоқ».

МАНАС АРЫПҚАНОВ ТҰРҒЫН:«Жағдай осы, енді осы жерді түзеу керек. Ол застройщик па, ол АУЭС па біз білмейміз. Бір-біріне сілтеп отыр бәрін. Бастарын алып қашып отыр»

Бір аптада бірнеше рет өшкен тоқтың жыры бұрыннан да бар екен. Үйді салған мердігер мекемеге айтсақ, олар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға сілтейді, - дейді тұрғындар. Ал Ақтау электр желілері басқармасының өкілі бұл жердегі кабель заңды түрде мекеменің қарамағына өтпеген деп жауап берді.

ТЕҢЕЛ СЕЛМАҒАНБЕТ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢГЕРІ:«Қазіргі таңда АУЭСтің балансында. АУЭС толықтай жауап болады. АУЭСтің бізге сілтеуге ешқандай құқығы жоқ деп ойлаймын. Себебі бізге қағаз жүзінде ешқандай дәлелдеме көрсете алмайды. Бұл ҚазЭлиттің мекенінде екенін, ҚазЭлиттің жауапты екеніне ешқандай дәлелдеме көрсете алмаған себепті бұл АУЭСтің қарамағында. АУЭС қадағалау керек».

ӘДІЛБЕК МАХАМБЕТОВ “АУЭС” МКК БАС ИНЖЕНЕРІ:«Әрі қарай екі кабельде барып жатыр. Осыдан үш жыл бұрын бір кабель поврежден болды. Содан кейін екінші кабель қалды. Оны жасаған жоқ. Екінші резервный да. Соны ҚазЭлитке жаздық. Айттық да, телефонмен де айттық, кешеде айттық. Екінші кабельді жасаң, халыққа обал ғой деп. Иә, иә дейді де кетеді. Былай қашады, былай қашады, қашқаннан пайда жоқ. Оны жасау керек. Екінші кабель болғанда қазір, мана қосып жіберуге болатын еді. Біреу поврежден болса, екіншісімен тұрады. Біздің баланста емес, бірақ халық үшін жасап жатырмыз».

АУЭС мекемесі бас инженерінің айтуынша мұнда қосымша екінші апатты жағдайда қолданатын кабель тартылған екен. Алайда ол осыдан 3-4 жыл бұрын үзілген. Ажыратылған тоқ сол күйі қалыпты. Мамандар «мердігер мекемеге бірнеше мәрте ескерту жасап, тоқты жалғап қойыңыздар дегенімізді пысқырмады» деп отыр. Мәселенің ақ-қарасын ажыратуға әкімдікке хабарластық. Олардың берген ақпаратына сәйкес, үйді салған құрылысшы мекеме биллингпен тұрғын үйді өткізгенімен, кабель тартылған дәлізді заңды түрде тапсырмаған болып шықты.

БАХТИЯР МАҚСАТ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Бұл электр желісі теңгерімге тапсырылмаған, құрылыс салушы мекемеден. Құрылыс салушы мекеме құрылысын аяқтағаннан кейін, барлық тиісті құжаттарымен коммуналдық меншікке тапсырады. Электр желісін тапсырады, аталған тұрғын үйді биллингкке өткізеді, бұл электр желісі тапсырылмаған. Яғни Ақтау электр желісі басқармасы бұл желілерге қызмет көрсетпейді».

Кімнің олқылығы екенін құзырлы орган шешеді. Тұрғындардың да талабы бір - тоқтың беймезгіл кезде өшпеуі және заңды түрде АУЭСке тапсырылуы. Егер бұл мәселе дәл осылай жалғаса беретін болса, тиісті құзырлы орынға барып шағымданамыз, - дейді тұрғындар