Ақтауда теңіз жағалауының бойында егеу құйрық қаптап кетті. Әкімдік кезек күттірмейтін мәселеге қатысты шұғыл түрде конкурс өткізіп, жеңімпаз мекемені анықтап, тәжірибелі мамандар улау жұмыстарына кірісті.

Мұндай улау жұмыстары соңғы рет10 жыл бұрын жүргізілген. Ірі жәндіктер бұрын-соңды көзге көп түспеген. Дабыл қаққан тұрғындар кейінгі уақытта көпшілік демалатын орында кеміргіштердің қаптап кеткенін айтады. Олар, егеуқұйрықтар әр түрлі аурулар таратама деп қорқады. Тұрғындардың шағымынан соң әкімдік теңіз жағалауын дератизациялауға кірісті.

БАХТИЯР МАҚСАТОВ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: «Бұған дейін егеуқұрықтардың бары анықталған жоқ. Тұрғындардың шағымдарынан кейін осы жылы анықталып тұр. Көбінесе өздеріңізге белгілі 16 және 17 жаңа шағын аудандарда пайда болғаны анықталды. Бұл жағдайда өте шұғыл арада шешім қабылдау керек болды. Сол себепті, комерциялық ұсынысқа сәйкес біздер мекемелердің бағаларын салыстырып, ең төменгі баға берген мекемемен бір көзден келісім-шарт жасап, осындай шешім қабылдадық. Жалпы соммасы 7 млн 200 мың теңге».

Жаппай улау жұмысы 15-ші шағын аудандағы теңіз жағалауынан бастап, Өмірзақ елдімекеніне дейін жүргізіледі. Аталмыш шаруа айдың соңына дейін жалғасады. Кеміргіштерге тасталған дәрілердің адамдарға зияны жоқ. Ал үй жануарлары оның иісінен сескеніп, жақындамайды.

ОЛЬГА СМИРНОВА «МЕДИК-ГИГИЕНИСТ» КООПЕРАТИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Барлық теңіз жағалауын улау үшін 600 келідей дәрі керек. Олар жақын арада келеді. Егеуқұрықтар умен қоректенгеннен кейін іші кеуіп өледі. Ал өлекселерді 3 күн өткен соң жинап алып, залалсыздандыптеп, барлығын алып қойдық. Қосымша 16-шы, 17-ші шағын аудандарға да дератизациялау жұмыстарын жасауға қосымша дәріге тапсырыс берді».

Мамандар егеуқұйрықтың тұқымын түгелі дерлік жоя алмайтындарын айтты. Есесіне санын азайтуға мүмкіндік бар екен. Залалсыздандырып жүргендер қала тұрғындары мен қонақтарына тамақ қалдықтарын жағалауға емес, тиісті қоқыс тастау орындарына апарып төксе екен деген өтінішпен шектелді. Егеуқұрықтың көбеюіне  бірден-бір себеп сол екенін айтады.