"

Ақтау қаласында өткен жылы - 17, ал биыл 1 мобильді аялдама орнатылған. Халыққа уәде етілгендей қыста жылы, жазда салқын болады делінген аялдамалардың бүгінгі халі қалай? Алдағы сюжетте

Ақтау қаласында заманауи үлгіде 20-ға тарта аялдама орнатылған. Оның барлығы  қала әкімдігі бекіткен эскизге сәйкес кәсіпкерлер қаражаттарына салған. Аялдаманың бір жағында кәсіп иелері өз ісін жүргізеді. Бірақ олардың кейбірі мобильді павильондарға немқұрайлы қарап отыр.

Бұл 8-ші,13-ші,19-шы шағын аудандардағы  аялдамалар.Өкіншіке орай ол ықшамаудандардағы мобильді павильондардың да есіктері тарс жабық.

АҚТОТЫ СОВЕТОВА ТҰРҒЫН: «Күнде ашық тұрады. Бомждар кіріп ішін ластайтын болған соң жауып қоя салдық. Негізі күнде ашық тұрады. Тазаланады».

НАЗИМА ГАРНИЕВ КӘСІПКЕР: «Бастапқыда тәулік бойы ашып қоятынбыз. Қазір түнгі мезгілде кілттеп қоюға мәжбүрміз. Өйткені қаңғып жүрген адамдар осында қонады. Онымен қоймай ішін бүлдіріп, қоқыстарын қалдырып кетеді. Күнде  тазалық жүргіземіз. Алда қыс келе жатыр. Бізге бұл жер керек болады».

Мобильді павильондар толықтай кәсіпкерлер иелегінде. Бірақ қала әкімідігі оның әрқайсысын бақылайды. Аялдамалар қараусыз қалса не тазалық жүргізілмейтін болса онда иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады дейді мамандар .

АСХАТ НҰРМҰХАН АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Талап қойып жатырмыз. График қою керек. Ашатын уақыты , жабатын уақыты оны біз міндеттейміз. Орындамаған жағдайда мусорларды жинамаса әкімшілік кодекстің 505-бабымен яғни абаттандыру ережелерін бұзу бойынша әкімшілік кодекстің 505-бабымен жауапкершілік көзделген».

Алда қылышын сүйретіп қыс келеді. Демек қоғамдық көлік күтетін халық мобильді павильондар қызметіне көбірек жүгінетіні анық. Сол кезге дейін құлыптаулы аялдамалар да есігін ашып қалар.