Полицей ерлігі. Ақтөбеде учаскелік инспектор өзенге секірген жасөспірім қызды құтқарып аман алып қалды. Оқиға былай болған. 3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабарланады. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберіледі. Полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, бірден көмекке жүгірді. Осылайша, ол өз өмірін өлімге тігіп 13 жастағы қыздың артынан бірге суға секіріп, оны аман жағаға алып шығады. Міне, ерлік емей немене?