"

Қазір еліміздің біраз өңірлері тасқын судың зардабын тартып отыр. Осыған орай халық қалаулылары аймақтардағы су қоймаларының жағдайын тексеріп жүр. Алматы облысына іс сапармен келген Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Бартоғай су қоймасы күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді.

Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев пен Су ресурстары және ирригация министрлігінің су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасының жағдайын тексерді. 

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ«Алматы облысында да үлкен-үлкен кәзіргі мына біз тұрған Бартоғай су қоймасы сияқты су қоймалар бар. Осылардың барлығын министрлік пен су  комитетінің мамандары мен бірге жүріп алдын ала қандай шаралар жасалынуы керек,су тасқындарына ,апаттық жағдайларға жол бермеу үшін жұмыс жасап жатқан жөніміз бар».

Жанболат Жөргенбаев Бартоғай су қоймасын күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді. Қазір жобаның сметалық құжаты әзірленіп жатыр.

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР СЕНАТ ДЕПУТАТЫ «Су қоймаға күрделі жөндеу жұмыстары жасалынуы керек. Кәзіргі кезде сметалық жобалау құжаттарына қаражат бөлінді. Ары қарай сараптамалар жасалады.Сметалық құжаттары дайын болғаннан кейін су қоймаға жөндеу жұмыстары жасалынады. Бұл өте маңызды жоба. Өйткені бұл жерде 90 мыңға жуық гектар дәнді дақыл өсіріп, су алып отырған шаруалар бар». 

Су шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев Бартоғай  қоймасына жиналған судың деңгейіне тоқталды.

МАҚСАТ АЯШОВ СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бартоғай су қоймасының кәзіргі жағдайын апаттық емес деп айтуға болады. Өйткені, кәзіргі су көлемі 280 млн текше метр. Су тасқынына қарсы жағдай реттелген. Енді келе жатқан мұздықтардың сулары маусым немесе шілде айларында күтіледі. Әлі 40 млн текше метр су сыйымдылығы бар. Сондықтан вегитациялық мерзімге дайын деп айтуға болады».

Айта кетейік, Бартоғай су қоймасы Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай аудандарының шаруаларын сумен қамтамасыз етіп отыр.