Өрт – тілсіз жау. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде орналасқан «Нұрназар» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің нысанында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Өрт сөндіру қызметінен 53 маман, 14 техника жұмылдырылды. Шараның мақсаты мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуардағы шартты өрт оқиғасы кезіндегі сала қызметкерлерінің өрт сөндіру жауынгерлік әдістерін жетілдіру. Сонымен қатар нысандағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің іс-қимылдарын және қызмет көрсететін жұмысшылардың  өрт оқиғасы орын алған жағдайда өзін-өзі ұстауын  жетілдіру. 

НҰРЛАН ЖАНӘБІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Қазір өрт татикалық оқу жаттығу ұдайы түрде жүріп жатыр. Белгіленген кестеге сәйкес, бүгін Белкөл кентіндегі «Нұрназар» ЖШС нысанынды өрт-тактикалық жаттығу жүргізілді. Өрт-тактикалық оқу жаттығуға 8 техника 40 қызметкер жұмылдырылды».