Биыл оңтүстікте су тапшылығы жоқ және болмайды. Осы мақсатта Түркістан облысында 10 тік дренажды ұңғыма қалпына келтіріледі. Бұл өз кезегінде өнімділікті ұлғайтуға зор септігін тигізеді деген болжам бар. Тік дренажды ұңғымалардың тиімділігін жергілікті шаруалар да растап отыр. Жаңа ұңғымалар іске қосылғалы өнімділік бірнеше есеге артқан.  

БОЛАТ ОМАРОВ ДИХАН: «Ұңғымалар жоқ кезде мына жерде мақтадан басқа ештеңе өспейтін. Оның өзінде 10-12 центнерден ғана өнім алатын едік. Соңғы жылдары шаруалар 30-40 центнерден мақта алып жатыр. Мақтадан бөлек, қауын-қарбыз, жоңышқа да өсіре бастадық». 

Айта кету керек, Мақтаарал және Жетісай аудандарында 360 ұңғыма бар. Бүгінгі таңда олардың 320-на реконструкция жасалып, іске қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмыс тоқтамайды, жалғасады. Сонда шаруаларға тапшылық болмайды, - дейді Су ресурстары және иррагация министрлігі.