Бразилияның Амазонас штатында өзендер құрғап жатыр. Бұл шалғай ауылдардың тұрғындарын азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және басқа да тауарлармен қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.
Амазонканың бұл жер телімі Солиймонс деп аталады. Мұнда өзеннің таяз болғаны сонша, үлкен кемелер өте алмайды. Адамдар шағын көлемді жүктерді кіші қайықтармен тасымалдауға мәжбүр.
ҚАЙЫҚ ИЕСІ: «Мұның бәріне құрғақшылық кінәлі. Жағасы қазір алыс. Жүкті көтеру өте қиын».
Тауарларды тасымалдау бағытында қиыншылықтар туындағаннан кейін, бағалар да өсті.
САТЫП АЛУШЫ: «Өткен айда ғана мен майды 7 реалға (1,40 доллар) сатып алған едім. Осы айда бағасы 8 реалға (1,65 доллар) өсіп кеткен. Келесі айда қандай өзгерістерді күтетінімді білмеймін».
Ұстаздар мен мектеп оқушылары сабаққа өзен жағалап жүруге мәжбүр болды. Енді Джунгли арқылы өтетін ыңғайсыз жерүсті маршруттарын пайдалануда. Бразилия геологиялық қызметінің хабарлауынша, бұл Солимойнс өзенінің соңғы он жылда екінші рет қатты таяздануы.Жығылғанға жұдырық, Амазонка аймағында су тасқыны да орын алуда. Жақында жүргізілген зерттеулер бойынша, соңғы 40 жылда аймақта құрғақшылық та, су тасқыны да жиілеп кеткен. Осылайша, Риу-Негру Амазонкаға құятын Манауста соңғы 120 жылда 12 рет су тасқыны болды. Оның сегізі соңғы 14 жылда орын алған.Зерттеушілердің пікірінше, табиғи апаттарға ормандардың кесілуі мен экстремалды ауа-райы ықпал еткен.
Бразилияның Амазонас штатында өзендер құрғап жатыр
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 399 рет қаралды