Наурызбай ауданы №207 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар-мектеп, оқуға құштар-сынып, оқуға құштар- оқушы» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: Алматы қаласы Құзыреттілік Орталықтың жоспарына сәйкес мұғалімдерге бастауыш сынып оқушыларының  оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті деңгейін және оқушылардың оқу белсенділі мен оқу сауaттылығын арттыруда біртұтас тәрбие аясындағы « Оқуға құштар-мектеп» жобасының жүргізілуін көрсету.

Семинарға Алматы қаласының жалпы орта білім беретін ұйымдарының бастауыш сыныптың мұғалімдері, Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Касымбаева Арай Иманбекқызы, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы білім бөлімінің әдіскері Бралина Назия Ғалымқызы қатысты.  Семинарда оқуға құштар жобасын жүзеге асырудағы түрлі әдіс-тәсілдер: шеберлік сағаты,  әдеби-шығармашылық кеш, ашық тәрбие сағаты, сахналық қойылымдар көрсетіліп, іс-тәжірибе таратылды.

Семинарға Рамазан Бекбол Батыржанұлы - «Білім және азаматтық қоғам туралы ғылымдар» басқарма басшысы, Алматы қаласы  мәслихатының депутаты,  Байбол Әлібек Уәлиханұлы ‒ жазушы, драматург, әдебиеттанушы-ғалым, аудармашы, Кешубай Тұрсынбек - ҚР Журналистер одағының, ҚР. «Адал» авторлар қоғамының мүшесі, әнші, сазгер, ақын, жазушы, журналист, педагог шақырылып,  кездесу өтті. Семинарға қатысушылар алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.