Батыс Қазақстан облысының Ақжайық өңірінде осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын шенеуніктердің қабылдаған қате шешімдері шаруаларды жерінен айырып,мыңнан астам адамның кәсібін тоқтатқалы тұр. Қожалық иелеріне «жерді заңсыз алғансыңдар, мемлекетке қайтарыңдар!»- деп әкімдік қызметкерлері талап қойған. 5 мыңнан астам шаруаның тағдыры қылыштың қырында,иненің ұшында тұр. Өңірдегі атқамінерлерден опа таппайтынын білген шаруалар елордаға ат басын тіреген. Қыстың көзі қырауда үміттерін үкілеп келген мақсаттары қайраңдаған кәсіптеріне ел тізгіндегендерден араша сұрау.

ТАЛҒАТ БАЙКЕНОВ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ИЕСІ

Жергілікті әкімдік тарапынан ешқандай конкурссыз,аукционсыз алған шаруалар жерлерді енді қайтарып беруге мәжбүр. Мал бағып,егін салып отырған ағайын бұл жерге қыруар қаржы салған.

АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ – «SHOPAN ATA» ҰЛТТЫҚ АГРО –ҚОЗҒАЛЫСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Шаруалар кезінде жерді оңды-солды таратқан шенеуніктер сүттен ақ, судан таза болып, зардабын біз тартып отырмыз дейді. Тіпті олардың үстінен тексеріс те болмады деп қапаланады.

АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ – «SHOPAN ATA» ҰЛТТЫҚ АГРО –ҚОЗҒАЛЫСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Шаруалар Парламент депутатарына да арыз-шағымдарын жеткізген. Фермерлер егер жер дауына қатысты арызымыз ескерілмесе Астанада митинг өткіземіз деп отыр.