Бұдан былай Қожа Ахмет Яссауи кесенесін арнайы күзет бақылайтын болады. Себебі, бұл қасиетті нысан стратегиялық аймақ тізіміне енеді. Одан бөлек, арнайы комиссия да құрылған. Республикалық бюджеттен қаражат та бөлінген. Неліктен кесененің қабырғалары көгеріп, ылғалданып жатқанын шет елдік мамандар зерттеп жатыр. Нәтижесі бір жылдан кейін жарияланады деді бүгін Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Дархан Сатыбалды.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бұл мәселе Түркістан облыс орталығы болмағанда да мұндай проблема болған. 317 млн теңге бөлініп республикалық бюджеттен, зерттеу жұмыстары министрлік тарапынан жүргізілуде. Бір жылға созылады зерттеу. Ресей, Өзбекстан, Иран мемлекетінен тиісті мамандар шақырылып жұмыстар жүргізіліп жатыр».