Газа қаласының солтүстігінде жұрт көп жиналған орында кемінде жүзден астам адам қаза болды. Палестиналық дереккөздің хабарлауынша, көмек күтіп тұрған аш адамдарға танк және автоматтан оқ атылған.

Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, гуманитарлық көмек күтіп тұрған адамдарға Израиль әскері оқ атқан. Ал Израиль күштері қаза болғандар азық-түлік тиелген жүкті тонамақ болғанын айтып, оқиғаға марқұмдардың өзін кінәлады. Мысырдан келген жүк көліктері Израильдегі Керем - Шалом гуманитарлық өткізу пунктінің қауіпсіздік тексерісінен өткен. Содан кейін оны таратып беруге жеке мердігерлер шыққан.

ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Мыңдаған газалық тұрғын жүк көліктерінің айналасына жиналып алып, оны тонауға ұмтылды. Нәтижесінде жұрт сығылысып, бір- бірін таптап кетті. Соңы қайғылы жағдайға әкелді. Ондаған адам қаза тапты».

Египет, Иордания және Палестина автономиясы оқиғаға Израиль билігін айыптады.

ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Гуманитарлық көмек тиелген көлікке ешқандай соққы жасаған жоқ».

АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған ХАМАС өкілі бұл Газа секторында бейбіт келісімге қол жеткізуге кедергі жасайтынын мәлімдеді. Хамас ұйымы 112 адам қаза тауып, 280-ден астам адам жараланғанын жеткізді. Ондаған адам Аль-Шифа ауруханасында жатыр. Президент Джо Байден көмек керуенімен болған оқиға Катарда өтіп жатқан Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздеріне қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.