Грекия жағалауларындағы кеме апатынан бір экипаж мүшесі қаза тауып, он екі адам хабар-ошарсыз кетті. Боран кезінде Лесбос аралында жүк кемесі батып кетті. Команданың бір мүшесі тікұшақтың көмегімен теңізде құтқарылды.Raptor кемесін ливандық компания басқарған және Комор аралдарында тіркелген.Ол, Александриядан Ыстамбұлға бет алған еді.

Бортта 6000 тонна тұз болған. 14 экипаж мүшесінің ішінде сегіз мысырлық, төрт үнділік және екі сириялық болды. Қаза  тапқан адамның кім екені әзірге белгісіз. Кеме жексенбі күні таңертең апат белгісін берген. Көп ұзамай ол Лесбостан оңтүстік-батысқа қарай сегіз шақырым жердегі радардан жоғалып кетіпті. Жағалау күзеті кемеден мысырлық инженерді құтқарып қалды.

Оның айтуынша кеме сенбі күні су жинай бастаған. Ер адам Лесбостағы жақын ауруханаға жеткізілді. Апат табиғаттың тосын сыйына төзімсіз техникалық ақаулардың салдарынан болды деп болжануда.