"

«Ауырып ем іздегенге, ауырмайтын жол ізде». Әлемде адам ауруларының алуан түрі бар, бірақ олардың кейбіреулері ғана өте сирек кездеседі. Соның бірі аномалия ауруы. Бұл эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдық ауытқуынан пайда болады. Толығырақ келесі бейне материалға назар аударсақ.

Аномалия медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауынан пайда болады. Бүгінде Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасында осы сырқатпен түсетін емделушілер саны жетерлік. Мамандардың айтуынша бұл қазір өзекті аурулардың бір түрі. Осы жөнінде уролог-проктолог маман Марат Әлібекұлымен тілдестік. Дәрігердің айтуынша соңғы 3 аптада айтулы сырқатпен 31 жастағы ер адамға ота жасалып, ауруханада ем алған.

МАРАТ ӘЛІБЕКҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №7 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ УРОЛОГ ПРОКТОЛОГ: "Науқастың шағымы - кіші нәжісі ішектік ішектен шығатын. Себебі, бұл кісі тік ішектің жоқтығынан туылған. Ономалия деп аталады. Жас кезінде бұл кісі 3-5 жасында операциялар жасалынған. Проктопластика. Одан кейін жасы келе бастап, сондай шағымдар пайда бола бастаған".

Науқасқа урографиялық рентген жасау арқылы тік ішекте тас бар екендігі анықталған. Тас көлемі 9 см/д құрайды. Тік ішектің тыртығы да бар болған. Мамандар толық тексерістен өткізіп, күрделі ота жасаған.

МАРАТ ӘЛІБЕКҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №7 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ УРОЛОГ ПРОКТОЛОГ: "Отаның мақсаты - уретропластика жасау керек болды. Тік ішектен болған тасты алу, тыртықты шырыш қабығының шығып кеткен  тік ішектегін орнына келтіру. Науқас толық тексерілген соң біздің ауруханада осы операция жасалынды. Бұл операция күнделікті кездесе бермейтін операция".

Организмнің және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды. Қазіргі таңда бұл ауру түрі Қазақстан бойынша 0,5-2 пайызды құрайды.