Дәстүрлі садақ ату спортының дамуына не кедергі? Маңғыстауда бұл спорт түріне арналған жекеменшік орталықтарды айтпағанда, мемлекет тарапынан салынған жаттығу орындары жоқтың қасы. Толығырақ алдағы бейнематериалда. 

Мына садақ ату орнының ашылғанына жарты жыл ғана уақыт болса да қала тұрғындарының қарасы көп. Кәсіпкер барлық қажеттіні Түркиядан әкеледі екен. 

ИСЛАМ НЫСАНОВ КӘСІПКЕР: "Өзіміздің жерімізде тұрып,өзіміздің елімізде болып  қазағымыздың ұлттық спортын дамытуға үлесімізді қосқымыз келді. Ақтауда садақ ату орталығы аз болғандықтан соған көңіл бөліп, өзіміз осы кәсіпті бастағанбыз.Тиімді деп айта аламыз, келіп үйренуге. Қатты қымбат емес, бізде абонемент бар мысалы, балдарға үйірмеміз бар. Ай сайын үйренуге болады. Дәстүрлі садақ ату федерациясынан да көңіл бөлініп жатыр. Жалпы енді үкімет тарапынан көп халқымызды қызықтыру үшін әр түрлі жарыс сайыстар ұйымдастырып тұрса жеткілікті. Негізі дамып келе жатқан спорт түрі деп айтуға болады".

Бұл спорт түрі былтыр ғана ресми түрде бекітілгендіктен, арнайы мамандар тапшы, сондықтан қолдан келгенді аяп жатқанымыз жоқ дейді жауаптылар. 

ҚАЙРАТ БУРБАСОВ  МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:"Былтырғы жылы өзіміздің осы Маңғыстау облысынан Ақтау қаласы енді орталығы болғасын осы Ақтау қаласынан ашамыз деп жоспарлап, жұмыстарын бастағанбыз. Оған енді біздің облыста қазіргі таңда маман тапшы. Себебі енді бұл жаңағы айтып өткендей, жаңа жаңа тәй тәй басып жатқан спорт түрі болғаннан кейін енді енді жұмыстарын бастап жатыр да. Ал екінің бірін алып ол дәстүрлі садақтан жаттықтырушы қылып ала алмаймыз. Себебі оның енді сақтық шаралары бар, ол жерде енді садақ жебе ұстағаннан кейін, ол баланы тарбиелеу керек. Жұмыстанып жатырмыз мамандарын іздеп, болса енді осы жылы ашып дәстүрлі садақты жұмыстанғымыз келеді".

Жарыстардан жүлделі болған халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің саны 300-ге жуық. Сондай-ақ, қаладағы арнайы залдарда садақ түрлеріне қарай 1 реттік садақ ату - 3500 теңгеден басталады. Ал, айына 15-17 мың, ересектерге 17-25 мың аралығында болады екен.