"

Елімізге танымал спорт журналисі, комментатор Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Рабат Жәнібеков – қазақтың тұңғыш спорт комментаторларының бірі. 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында, дүниеге келген. 40 жылға жуық – қазақ телевизиясында редактор, спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Бүкілодақтық спорттық шараларды қамтыды.

Ұзақ уақыт Білім және ғылым министрлігі Ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы қызметін де атқарды.Сондай-ақ артынан өкше басқан жастарға өнеге болып, спорт журналистикасына ізбасарларын тәрбиелеп кетті.