Елімізде алдағы екі жыл ішінде 113 жаңа спорттық ғимарат салынады. 26 істеп тұрған нысан қайта жаңартылады. Ал, шалғай орналасқан ауылдық елді мекендерде 100-ден аса тез салынатын, аз шығынды спорт нысандары бой көтереді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты. Одан бөлек, жауапты министрлік өкілдері соңғы жылдары спортшылар арасында неге допинг дауы жиілеп кеткенін былайша түсіндірді.

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бұл мәселе тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде орын алып тұр. Осы бағытта бірнеше қадам бар. Антидопинг лабаратория бар, заңсыз сатылатын толық қосымша тамақтану. Сол жерге толық қарап, тыйым салып жатырмыз. Біздің орталық, зертханамен бірігіп, спортшыларымызды ары қарай Олимпиада ойындарына қарап, бақылайтын болады».