Көктем келсе де, айнала ақ ұлпаға оранып жатыр. Мұндайда ақындар қыс пен көктемнің «текетіресі» дейді. Еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталуда. Жамбыл облысында қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан жолдағы көрініс шектеліп, жолаушылар қиндыққа тап болып жатыр.  Тіпті  адасқан адамдар да бар.  Төтенше жағдайлар қызмектерлері жолда қалған жүкті әйел мен балаларды құтқарды. Түркістан облысынан Жаңатас қаласына бара жатқан көлік адасып, балшықта қалып қойған.

Құтқарушылар 5 км жаяу жүріп, 4 жолаушысы бар 1 жеңіл автокөлікті балшықтан шығарып алды. Қазгидромет алдамшы ауа райы әлі ұзаққа сақталатынын айтады. Сондықтан, жауапты мамандар алыс жолға шығарда сақ болып, сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.