Еліміз бойынша Ақмола облысында стихиялық қоқыстардың ең көп саны анықталып отыр. Екінші орында – Қарағанды облысы. Өткен жылдың соңында Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктерге 2023 жылдың 1 маусымына дейін рұқсат етілмеген барлық полигонды жоюды тапсырды.Космомониторингтің мәліметтеріне сәйкес, былтыр анықталған стихиялық қоқыс үйінділері жойылмаған. Бүгінгі таңда облыста 789 рұқсат етілмеген полигон табылды. Мұндағы негізгі проблема, қоқыс полигондарының жетіспеушілігі дейді мамандар. Күн сайын жағдай ушығып барады. Қазіргі уақытта 8 полигон бойынша жобалау,сметалық құжаттама әзірленуде.

АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  «Бүгінде аудан әкімдіктері жұмыс жүргізуде. 257 полигон жойылды. Бұл мәселенің негізгі себебі,облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған санкцияланған қоқыс үйінділері жоқ. Бүгінгі таңда 130-дан астам учаске бөлінген, олардың тек 24-і ғана экологиялық талаптарға сай заңдастырылған. Бұл жалпы санның тек 18% құрайды».