Сапалы, әділетті сот қызметін дамыту. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында осы мәселе көтерілді. Енді судья болу үшін талап күшейеді. Жаңа заңға сәйкес ол тіптен қиындайды. Себебі, адам тағдырының төршесі болу оңай қызмет емес. 

Сотта судья болу үшін, үміткер 30 жасқа толған, жоғары білім мен 5 жылдық жұмыс өтілінің болуы керек. Әкімшілік, сыбайлас жемқорлық және басқа да теріс қылықтары болмаған, заңды бұзбағандар ғана бұл қызметке жақындай алады. Арнайы емтихан тапсырып, білімдерін дәледегеннен кейін ғана жұмысқа алынады. Талап қатал болғандықтан ба, судья қызметіне маман тапшы. 

ДЕНИС ШИПП ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бүгінгі таңда еліміз бойынша судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны бар. Біздің ойымызша, заңға енгізілген түзетулер бос судья қызметінің орнына маман тартуға мүмкіндік береді. Мәселен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотында судьяның орны 3 жылдан бері бос тұр. Онда барып, жұмыс істегісі келетін азаматтар жоқ».

Жаңа заңдағы өзгерістерді үш бағыт бойынша бөліп қарауға болады. Біріншісі- сот жюриінің жұмысын жетілдіруге қатысты. Екінші бағыты сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін өзгертуді қамтиды. Түзетулердің үшінші бағыты судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге арналған.

НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Ұсынылып отырған норма аясында, жоғары тұрған сот тарапынан төменгі тұрған соттың істі қарауы барысында заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталған жағдайда, облыстық немесе Жоғарғы Соттың Төрағасы тиісті пленарлық отырыста судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе тартпау туралы мәселені талқылау жөнінде Сот жюриіне ұсыныстар береді. Пленарлық отырыстың қандай да болса шешіміне қарамастан, заңдылықтың өрескел бұзылу фактілері бойынша барлық материалдар тексеру үшін Сот жюриіне жіберілетін болады. Қазіргі таңда тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешімдерді Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың пленарлық отырыстары қабылдайды».

Айтпақшы, қоғам назарын аударған аты шулы экс-министрдің сот отырысынан кейін судья Айжан Күлбаева әлі де арнайы күзетпен қамтамасыз етілген. Себебі, бұл сот процесінен кейін оның өміріне қауіп төндірушілер қатары азаймай тұр.Ал, егер мына жаңа заң қабылданса, ондай мәселе туындамайтынына сенаторлар сенімді.