Еуропалық ғарыш агенттігі Евклид ғарыштық телескопынан сапасы жоғары суреттер алды. Ол осы жазда ұшырылған болатын.

Алғашқы өте анық суреттер телескоптың ғылыми миссиясына дайын екенін көрсетті. Жоба құны бір жарым миллиард долларды құраған болатын.

РЕНЕ ЛОРИС ЖОБАНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЗЕРТТЕУШІСІ: «Алғашқы жоғары сапалы ғылыми суреттерді түсіру үшін біз көп жұмыс жасадық. Біз күткендей, Евклид өте жақсы нәтиже көрсетті, кейбір аспектілерде тіпті күткеннен де асып түсті».

SpaceX ғарыш кемесін шілде айында Евклид обсерваториясы ұшырды. Жерден бір жарым миллион шақырым қашықтықтағы Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы орналасқан аймаққа жетуге бір ай уақыт кетті.Ежелгі грек математигі есімімен аталған Евклид аспанның үштен бірін қамтитын миллиардтаған галактикаларды зерттейді. Атап айтқанда, олардың орналасуы мен пішінін, соның ішінде Жерден 10 миллиард жарық жылына дейінгі қашықтықта орналасқан галактикаларды анықтайды.

Евклидтің көмегімен ғалымдар қараңғы материя мен қараңғы энергияның геометриясын жақсырақ түсінуге үміттенеді. Телескоптың ғарыштық 3D картасы ғаламның қалай дамығанын түсіндіруге тырысып, кеңістік пен уақытты қамтиды.

Биіктігі бес метрге жуық, ені бірдей «Евклид» телескоппен және екі ғылыми құралмен жабдықталған. Олар ғарышта көрінетін жарықты да, инфрақызылды да зерттей алады.Сонымен қатар, NASA қараңғы энергия мен қараңғы материяны толық ашу үшін өзінің жеке миссиясын дайындауда. Осыған орай Нэнси Грейс Роман инфрақызыл обсерваториясы 2027 жылы ұшырылатын болады.