Қазақстанда 500 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді десек, жыл сайын осындай қауіпті қызметте жүріп 200-мыңдай адам мерт болады. Сондықтан, бұл мәселеге бей-жай қарамай, тиісті шара қолданатын уақыт жетті деп санайды үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Осы мақсатта елімізде 2030 жылға дейін еңбек қауіпсіздігі жайлы жаңа құжат дайындалатын болды.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам мерт болады. Биыл «Қазақмыс» компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті. Бұрынғы «АрселорМиттал Теміртауда» соңы адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайлардың саны 7 еседен астам өскен. Осы салада қалыптасқан проблемаларды кезек күттірмей шешу үшін Қазақстанда алғаш рет 2030-шы жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат ең алдымен, кәсіптік қауіп-қатерлер мен өндірістік жарақаттану деңгейін және кәсіптік ауру түрлерін төмендетуге бағытталған. Барлық тәуекелдер алдын-ала ескерілетін болады. Өндірістегі қауіпсіздік саласын цифрландыру осы мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс. Жалпы алғанда, Тұжырымдама еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруы керек».

Айта кетейік, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін кеншілер келер жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы төлемді ала бастайды. Ол «Азаматтық үкімет» порталы арқылы бір жүйемен төленетін болады.