Маңғыстаудағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны бірнеше айдан бері мүгедектігі бар екенін дәлелдейтін құжатты рәсімдей алмай әлекке түсіп жүр. Айсұлу Егізбаеваның айтуынша, ағасының аяғы мен көзінде ақауы бар. Еңбекке жарамсыз. Енді медициналық құжат алайын десе, кедергілер бар екенін айтады.
Айсұлу Егізбаева туған ағасы Жәдігер Егізбаевты бағып-қағып, өз қарамағына алған. Өйткені 2-ші топ мүгедектігі бар, жұмысқа жарамсыз дейді. Осыған байланысты ай сайын жәрдемақы алып келген. Енді келесі жылға жәрдемақы тағайындату үшін қажетті құжаттарын жинақтауға кіріскен. Алайда бұған дейін «Жалымбетов» емханасында тіркеуде болған ағасының мүгедектігін растайтын медициналық құжатын ала алмай жүр екен.
АЙСҰЛУ ЕГІЗБАЕВА ТҰРҒЫН: «Өткен жылы 2022-нің аяғында, мені МСК-ке жіберді. Ақтаудан МСК келді. Мынаның сразу баяғы аяғын алып тастады да, сразу көзді жалғастырып жіберді. Көзбен 2 группа шығарып тастады мені алдап. Енді кеше барғанда көздің документі вообще жоқ онда. Мынау маған травмадан 031 берді маған. Сосын көзден де шығарды ғой. ВТК-тің өзі шығарды көзден. Дәлелім де бар менің. Берсін, көздікін де берсін 031, аяқтың да 031 берсін».
Жәдігер Егізбаев 2019 жылдан бері емханада тіркеуде тұр. Бірақ аталған медициналық мекеме алдағы жылдан бастап адам санының аздығына байланысты тіркелушілерге қызмет көрсетуін тоқтатады екен. Сол себепті Жәдігер Егізбаев өзге емханаға тіркеліпті. Енді қойылған диагнозын дәлелдейтін құжаттарын сол емханаға тапсырайын десе дәрігерлер бермеген көрінеді. Осы сауалмен емхана басшылығына барып, тілдескен болатынбыз.
МЫҢБОЛДЫ ЖАЛЫМБЕТОВА - МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ: «Мен айттым, жақсы, барлық комиссиясынан өтсін деп. Міне, өткіздік. Коммиссия өткізгенде оның көзі көрмейтін болып шықты. Ол кісіні осы жерге шақырттық, тексердік, қайта протоколдадық. Ол кезде мына доктор болған жоқ. Мына жаңадан келген доктор болған жоқ. Енді пенсияда отырған оккулисті шақырдық. Менің қолымнан келмейді, тағы да сөйлесіп, анау кісінің компьютерімен ашып көруге болады».
Жауаптылардың айтуынша, Жәдігер Егізбаевтың қажетті құжаты күні ертең қолына тиеді деп сендірді. Ал, Айсұлу жұмыс жасауға қауқарсыз ағасының тиісті жәрдемақсы тезірек тағайындалса дейді.