Жерден 100 миллион шақырымдай қашықтықта орналасқан Бену атты астероид өзінің құпиясын ашуда.
NASA қыркүйекте астероидтың бастапқы үлгілерін зерттеудің алғашқы нәтижелерін Жерге жеткізді. Бұл біздің планетамызға қайтып келген ең үлкен материал көлемі. NASA-ның "Осирис-Рекс" ғарыш кемесі оларды үш жыл бұрын жинаған. Содан кейін оларды өткен айда Жердің ұшып өтуі кезінде капсула түрінде жерге тастаған. Ғалымдар бұл жерден кем дегенде бір кесе материал шығады деп күтеді. Дегенмен, негізгі сынама алу камерасы әлі ашылмағандықтан, нақты саны белгісіз. Көміртектен басқа, астероид материалында сулы сазды минералдар түріндегі су бар.
МИШЕЛЬ ТОМПСОН КОМАНДА МҮШЕСІ:«Онда гидратталған минералдар бар екенін білеміз. Бұл олардың микроқұрылымына судың кіретінін білдіреді. Бұл су күн жүйесі жаралған кезден бері бар. Ол Жерге жетіп, мұнда мұхиттардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін еді. Үлгіде органикалық молекулалар бар екенін де білеміз».
"Осирис-Рекс" кемесі 2016 жылы ұшқан. Миссияның құны миллиард долларды құрады. Екі жылдан кейін ол Беннуға жетіп,2020 жылы арнайы сорғыш құрылғының көмегімен зерттеуге қажетті материал жинаған. Үш жылдан кейін капсула Жерге құлағанда, оның зақымданбағаны белгілі болды. Яғни, 4,5 миллиард жылдық үлгілер қоспалармен ластанбаған. Енді алдағы уақыттарда ғалымдар оларды зерттейтін болады. Бұл зерттеулер күн жүйесінің пайда болуы, сондай-ақ жердегі тіршілік туралы сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.
Жерден 100 миллион шақырымдай қашықтықта орналасқан Бену атты астероид өзінің құпиясын ашуда
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 345 рет қаралды