Жетісу облысы, Ақсу ауданында 30 - ға жуық тарихи-мәдени ескерткіш табылды. Археологтар экспедиция кезінде Ақсу өзенін бойлап, тасқа бейнеленген 15 мыңнан астам петроглифті анықтаған. Олар қола дәуірнен бастап 20 ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Тақырыпты тілші тарқатады.

Ақсу өзенінің аңғары тарихи-мәдени ескеркіштер мен құнды жәдіргерге толы. Сергей Ярыгин мен Николай Ильдеряко есімді ғалымдар, екі жыл бойы ондаған ғасырға жуық тарихымыздың құпиясын зертеп келеді. Олар шатқалдан петроглифтер кешенінен бөлек, обалар мен көне тұрақтарды тапқан.

СЕРГЕЙ ЯРЫГИН Ә. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Белгілер ерте темір дәуірі мен орта ғасырлардағы кзеңді қамтиды. Мына Тамға белгілі бір территориялық аумақты оның иесі бар екенін айғақтайды немесе рәсім өтетін жерге салынады. Мына жерде қатар тұрған 2 белгі одақтың құрылғанын немесе келісім жасалғанын білдіреді.

Тасқа қашалған бейнелерге мыңдаған жыл өтседе қынаның қырқуынан аман қалыпты. Ғалымдардың пайымдауынша, онда көбіне жануарлар бейнесі мен аң аулау барысы сипатталған. Әр қайсысы әр түрлі кезеңнен сыр шертеді.

НИКОЛАЙ ИЛЬДЕРЯКОВ Ә. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Мына түйе қола дәуірінде салынған, Керуенді бейнелейді. Екіншісі ерте темір дәуіріне жатады. Ал үшіншісі орта ғасырларда қашалған. Үшеуі де бір бағыттағы көшті көрсетіп тұрғандай.

Мұндай тарихи-мәдени ескерткіштер ғалымдар үшін үлкен олжа. Олар петроглифтермен тамғаларды өлшеп суретке түсіріп жатыр. Болашақта бұл аймақты картаға енгізіп, ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.