Ұрпаққа патриоттық тәрбие беру – бұл кез келген мемлекеттің болашағын қалыптастырудағы ең маңызды міндеттерінің бірі. Патриотизм – адамзаттың  өз Отанына, халқына, мәдениетіне, тарихына деген сүйіспеншілігі мен адалдығы.Осы орайда  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастарылған музыкалық әдеби көркем қойылымның  куәсі болып қайттық.Іс-шараның мақсаты -жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімін ояту, елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

АСҚАР САРБАҒЫСОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгінгі  аталмыш мектепте өтіп жатқан іс-шара бастауыш сынып төртінші сынып арасында өтті.Бұл шараның негізгі тақырыбы- Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған ұрпақтар сабақтастығына байланысты, жалпы біздің ата-бабамыздың жүріп отқан Ұлы жеңісті күндерін мынау өскелең ұрпаққа паш ету, соларға  баяндау мақсатында жасалған іс-шара болатын, яғни ата-бабаларымыздың  ерлігін жариялау мақсатындажасалған іс-шара.    Жалпы негізгі  мұндай іс-шаралардың  өскелең ұрпаққа, оқушыларымызға берері үлкен өйткені бұл жерде ата-бабамыздың рухына тағзым жасау арқылы патриоттық тәрбиені күшейту».

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек мерейтой ғана емес, бұл – тарихтан сабақ алу, ата-бабаларымыздың ерлігін еске алу, бейбітшіліктің қадірін бағалау және оны сақтауға үлес қосу мүмкіндігі. Біз ұрпақтан-ұрпаққа Ұлы Жеңістің рухын жеткізіп, ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Ұлы Жеңіс – мәңгілікке біздің жүрегімізде, жадымызда сақталары сөзсіз.