Жол қозғалысы кезінде ауыр құқық бұзушылық жасағандарға ескерту берілмейді. Елімізде қоғамдық қауіпсіздік күшейтіліп жатыр. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ ҚР ІІМ ӘПК ТӨРАҒАСЫ: «Жол ережесін бұзудың барлық дерегі бойынша ескерту жасала бермейтінін атап өту керек. Яғни барлығы өзінің деңгейіне қарай қарастырылады. Мысалы ауыр құқық бұзушылықтар болып жатса, қамауға алуға дейінгі шара қолданылады. Ал әкімшілік кодекстің 620 бабы бойынша, күндізгі кезде автокөліктердің жарықтардың жақпай жүргенде ескерту жазатын кездер болады. Өткен жылы осындай 597 мың көлік жүргізушілері ескертумен шектелген».