Ақмола облысындағы Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзған. Онда бақылауға алған аймақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен қорық инспекторлары ұйымдастырып отырған.Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген. Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген.

МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы, қызметінен босатылды. Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде».