Бүгінгі Алматы қаласында  «IP Қазақстан» деп аталатын еліміздегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша  Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараның  миссиясы – контрафактілікпен күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және авторлық құқық иелерінің мүдделерін қорғаудың жаңа әдістерін әзірлеу. Қауымдастықтың негізгі мақсаттарының бірі тауар таңбаларын қорғауға және сақтауға көмектесу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және әділ және тиімді бизнес тәжірибесін насихаттау болып табылады.  Өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес, нарықты контрафактілік пен бұрмалаудан қорғау мәселелерін талқылау.
Аталған іс-шара бірінші кезекте жетекшілерге, сондай-ақ ірі авторлық құқық иеленуші компаниялардың корпоративтік заңгерлеріне, зияткерлік меншік мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың өкілдеріне, Қазақстандағы, Орталық Азия елдеріндегі және әлемнің басқа елдеріндегі патенттік өкілдер мен тәжірибелі заңгерлерге арналған.

КЕСЕБАЕВА БАЛАЙЫМ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:  «Біздің елімізде біріншіден меншік иелерінің құқықтары бұзылатын болса екіншіден бұл халыққа да өте тиімсіз нәрсе. Өйткені заңсыз тауарлардың келуі сапасыз тауарларды шетелден алып келген кезде біздің кәсіпкерлерге ғана емес азаматтардың денсаулығы мен өміріне де зиян келтіретін заттар келіп жатыр.  Олардың барлығында біріншіден осы Қазақстанға әкелмеу бойынша және азаматтар мен балалардың қолданбауы бойынша шаралар қаралды.  Сол бойынша көптеген мәселелер қаралатын болады. Ұсыныстар қабылданып, жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар,заң компаниялары,өзге де ұйымдар тиісті шаралар бойынша жұмыс атқаратын болады».