Косовоның солтүстігінде сербтер мен албан полициясы арасында қақтығыс орын алды. Үш сербтің қаза тапқаны белгілі болды. Тағы бір адам қайтыс болуы мүмкін, бірақ бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

Косово Ішкі істер министрлігінің басшысы алты шабуыл жасаушының ұсталғанын хабарлады. Оның айтуынша, полицейлер көптеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапқан.Косово премьер-министрі Альбин Курти шабуылшыларға Сербия демеушілік еткенін айтты.

АЛЬБИН  КУРТИ КОСОВО ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Біздің полицияға қарсы шабуылдар жалғасуда. Кем дегенде 30  қаруланған адам -​​әскери немесе полиция - біздің полиция күштеріне жақын орналасқан. Мен бұл адамдарды біздің қауіпсіздік органдарына тапсыруды ұсынамын».

Косово билігі Баньска монастыріне бетперде киген қарулы адамдардың да шабуыл жасағанын мәлімдеді. Діни қызметкерлер шіркеуде жасырынып қалған . Олар оқтын-оқтын атыс дауыстарын естіген,ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Сербия президенті Александр Вучич албан полицейінің өлтірілуін айыптады. Ол сондай-ақ қақтығысқа косоволық сербтердің қатысы барын және оған Белградтың еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.Вучич болған оқиғаға өз нұсқасын ұсынды. Оның айтуынша, косоволық сербтердің бір тобы екі жүк көлігін пайдаланып, Баньска ауылына өтетін жолды жауып тастаған. Жағдайды түземек болған полицейлердің әрекеті соңы қантөгіспен аяқталды.

АЛЕКСАНДР ВУЧИЧ СЕРБИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Оларды қоршауға алып, аяусыз шабуыл жасады. Біз бұл операцияны «Косово үшін НАТО күштері» неге жүргізбегеніне таң қалдық? Құрбандар аз болар еді».

Бұл қақтығыстар мамыр айынан бергі аймақтағы алғашқы ірі қақтығыс болды.
 Сербия Косовоның тәуелсіздігін мойындамайды және оны өз территориясы деп санайды. Қақтығыс өткен жылдың тамыз айында өршіп кеткен. Ресми себеп Косовоның солтүстігінде тұратын сербтер үшін автокөлік құжаттарының 11 жылдық жарамдылық мерзімінің аяқталуы болды.