Кувейтте робот-даяшы пайда болды. Мейрамхана индустриясында бұл жаңалық деуге келмес, дегенмен осы саланың болашағы болуы әбден мүмкін.

Кувейттегі осы мейрамханада жаңа көмекші - робот-даяшы, дәлірек айтқанда - CAN есімі берілген  даяшы пайда болды. Ол тапсырыстарды қабылдай алмайды, тіпті тамақ салынған ыдыстарды да үстелге қоя алмайды, бірақ тағамдарды қажетті орынға дейін жеткізеді. Ал қалғанын  адам даяшылар істейді. Даяшылар болса енді олардың жұмысы қауіпсіз әрі жеңілдейтін болды  дейді.

ДЖЕССИ НОМЕСС — ДАЯШЫ: " Робот бағдарламаланған. Біз жай ғана үстел нөмірін енгіземіз. Сондықтан ол қажетті үстелге барады, ал біз тағамдарды алып, оларды клиенттердің алдына қоямыз. Бұл тек көмекші ".

Мейрамхана индустриясындағы роботтар жаңалық емес. Енді  олар осы саланың болашағы болуы да мүмкін дейді қарапайым келушілер.  

МЕЙРАМХАНА ҚОНАҒЫ: "Бұл болашақта бізді күтіп тұрған жағдай. Роботтар адамдарды түгелдей алмастыра қоймас  бірақ,40 пайыз жұмысты солар атқаратын болады".

Мейрамхана басшылығы болашақта роботтар жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселесін шешеді деп үміттенеді.

АХМЕД ШЕРРИФФ – МЕЙРАМХАНА МЕНЕДЖЕРІ: "Біз заман талабына сай дамып отыруымыз керек. Жұмыстың көбін робот атқаратын болса, мейрамхана иелері даяшыға ақша төлемеу үшін роботтың қызметіне жүгінетін болады.   

 Менеджердің  айтуынша қызмет көрсету саласында адамдардың болғаны дұрыс. Бұл орталық робот-даяшысы бар әзірге бірінші  мейрамхана.