Күзгі егін орағы кезінде жазатайым болған диқаншыға қатысты іс тергеліп жатыр. Қайғылы оқиға Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданының егістік алқабының бірінде орын алды. Қостанай облысынан келіп, күзгі жиын-терім жұмысына қатысқаны белгілі болды. Комбайншы қозғалтқыш жетегінің белдігіне түсіп қалған. Салдарынан 58 жастағы диқаншы оқиға орнында көз жұмды.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Аталған факті бойынша жергілікті полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабы, 3 тармағына сәйкес "Адам өліміне әкеліп соқтырған еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті тергеу әрекеттерінің бәрі жүргізілгеннен соң қорытынды процессуалдық шешім қабылданады».