Күллі иісі мұсылман қауымы үшін он екі айдың сұлтаны, қасиетті ораза айы басталды. Сағынтып жеткен ұлық  Рамазан айының басталуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақ елін құттықтады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.Ораза қабыл болсын!Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!- делінген президент құттықтауында.

Сондай ақ Алланың берекеті жауатын бұл айда жамағат көп жақсылық пен сауапты іс жасауға ұмтылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз мәслихатында Сәуір айының 5 нен 6 на қараған түн қасиетті Қадір түні, биылғы пітір садақаның мөлшері 640 теңге болып белгіленгендігі мәлімделді.

САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ,НАИБ МҮФТИ