Көлік тіркеуге қатысты заңсыздықтар әлі де анықталып жатыр. Жалған құжат арқылы Еуропадан Қазақстанға 83 жүк көлігін әкелгендер ұсталды. Олар Қостанай облысының тұрғындары. Әбден бармақ басты, көз қысты әрекетке бейімделіп алғандар 2020 жылдан бастап үш жыл бойы Қазақстан аумағына жалған құжатпен еш кедергісіз жүк көліктерін тасып отырған. Салдарынан мемлекетке келген шығын  591 млн теңгені құрады. Бүгінде күдіктілердің бар мүлкі тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу басталды. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралармен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленген. Сот санкциясымен жоғарыда аталған көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда».