"

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының денесі алты айдан кейін табылды. Ол құтқарушы Айдос Шаймерденнің мәйіті болуы мүмкін деп болжанады. Бұл әлі табылмаған екі құтқарушының бірі. Марқұмның сүйегі 70 метр тереңдіктен кешке табылған. Мәйіт жер бетіне шығарылды. Экспертизалық зерттеуден кейін туыстарына жерлеуге тапсырылады.

Айта кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» аумағында автобус шұңқырға түсіп кеткен еді. Көлікте 4 адам болған. Оның үшеуі құтқарушы, бірі көлік жүргізуші. Жедел іздестіру шаралары барысында екі адамның мәйіті табылды. Қалған екі адамды іздеу жұмысы тоқтатылып, қайта жалғасқан.