Маңғыстауда жалған дипломмен 7 мұғалім жұмыс істеген. Бұл деректі өңір бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, білім саласына жүргізген мониторингі барысында анықтаған.Заңсыз құжатпен мектепте жұмыс жасағандардың көбі Мұнайлы ауданынан анықталыпты.Олардың арасында жалған дипломмен ең ұзақ мерзімде жүргені 3 жыл. Сонымен қатар, бір мұғалімге қатысты сот үкімі шығып, ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл түріндегі жазаға тартылды. Ал қалған 6 мұғалімге қатысты сот отырысы әлі өткен жоқ. Жалған дипломмен жүргендер қызметтен босатылды. Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыс кезеңінде алған үстемақыларын мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап–арыз беріпті. Ал осы күнге дейін алған жалақылары қайтарыла ма, жоқ па? Ол әзірге белгісіз.
БІРЖАН ХАЙРУЛЛИН ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Білім басқармасына, білім беру бөліміне, жалпы білім саласының мекемелерінің басшыларына айтып жатырмыз. Олар кемінде бір рет ішкі талдау жүргізуі керек. Сонымен қатар, өздерінің қажеттілігіне қарай тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуге болады. Осы аясында бұл мәселелерді анықтауға болады. Мысалға айтайық, биыл 10 адам жұмысқа қабылдаса, тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу арқылы сол оқу орындарына сұраныс жіберулеріне болады. Сол арқылы өздерінің жанағы жұмысқа алған азаматтарының дипломдарының жалған немесе жалған емес екендіктерін анықтауға мүмкіндіктері бар».
Маңғыстауда жалған дипломмен 7 мұғалім жұмыс істеген
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 396 рет қаралды