500 жыл бұрын қазіргі Мексика территориясын жаулап алған испандықтар Майели Гарсияның жасаған бояуын алтын мен күмістей құнды деп санайды. Себебі, Майели Гарсия жәндіктерді пайдалана отырып, қою қызыл түсті табиғи бояу жасап шығарады.

МАЙЕЛИ ГАРСИЯ БОЯУ ӨНДІРУШІ:

«Мексикада бояуларды испандық дәуірге дейін жәндіктерді пайдаланып жасаған. Ал біздің ата-бабаларымыз жәндіктерді қолмен жинаған. Кошениль жәндігі – нопал кактусының паразиті. Осы арқылы ол қоректеніп, керек заттарды алады».

Колумбияға дейінгі дәуірде қазіргі Мексиканың Оахака штатында өмір сүрген миштеки халқы испандықтар келгенге дейін бірнеше ғасыр бұрын қымбат пигмент алу әдісін ойлап тапқан болатын. Ал, ежелгі дәуірде байырғы халықтардың Кармин қызыл түсі мәртебенің символы болған. Оларды дворяндардың киімдерін бояуға, сондай-ақ керамиканы безендіруге, фрескаларды бояуға және құжаттарды жазуға қолданған.

МАЙЕЛИ ГАРСИЯ БОЯУ ӨНДІРУШІ:

«Бұл өте қиын жұмыс. Өндіріс жұмыс күші жағынан да, шығындар жағынан да қымбат. Бірақ, біз бұл жұмысты жасауды тоқтатсақ, өндірушілер азайып кетпек».

Қызыл бояғыш кармин ұсақ ұрғашы жәндіктерден алынады. Олардың құрамында кармин қышқылы бар. Дернәсілдік кезеңдегі әрбір жәндік кактусқа отырғызылып, жетілуі үшін бірнеше айға қалдырылады. Содан кейін дернәсілдерді қолмен немесе кішкентай щеткамен жинайды. Осыдан кейін күн астында кептіріледі.

Жылыжай Мехико қаласынан шығысқа қарай кеткен Сан-Францисконың Тепея деген ауылында орналасқан. Ол жерде бояуды ескі әдіспен жасайды. Бұл жерде жылына кемінде 100 келіге жуық бояу өндіріледі. Кейін бояуды қолөнершілер кілемдер мен маталарды бояу үшін пайдаланады.

МАЙЕЛИ ГАРСИЯ БОЯУ ӨНДІРУШІ:

«Мәдениетіміз бен ата-баба мұрасын сақтаудың маңыздылығын түсінетіндер көбейіп келеді. Киім бояйтындар табиғи бояуды жақсы түсініп, дұрыс пайдалануда. Сондай-ақ жоғары сапалы өнім іздейтіндер де көбеюде. Сондықтан біз өндірісті тоқтатпаймыз».