Мемлекет басшысы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Ван Хунинге ілтипат білдіре отырып, оны Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады. Қазақстан Президентінің айтуынша, қазақ-қытай қатынастары мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті. Бұл ретте ел басшыларының тұрақты кездесулері елеулі рөл атқарды.

Өйткені келіссөздер барысында тату көршілік қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін негіз қаланады.Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық прогресіне және Қытай басшысы жүргізіп отырған тиімді саясаттың нәтижелеріне жоғары баға берді.