"

Футболшының футболкасы 10 миллион долларға бағаланды. Миллиондаған жанкүйері бар Лионель Мессидің алты футболкасы Sotheby's аукцион үйінде сатылмақ. Бұл футболкаларды аты аңызға айналған шабуылшы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатына киген.

БРАМ ВАХТЕР SOTHEBY'S АУКЦИОН ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Ол ойын кезінде барлық футболкаларын киген. Оларды әр матчтың бірінші жартысында киіп шыққан болатын. Егер сіз мұқият қарасаңыз, киімдерден бұлғанған дақтарды да байқауға болады».

Коллекцияға Мессидің Австралияға қарсы ойнаған футболкасы кіреді. Бұл оның мансабындағы 1000-шы матч болды. Ал былтырғы Әлем Кубогы 35 жастағы футболшы үшін нағыз жеңіс болды. Ол өз командасын жеңіске жетелеп, өзі де әлем чемпионы атанды. Аукцион 14 желтоқсанда Нью-Йоркте өтеді. Сол күні, сауда-саттықтың алдында көрермендер Мессидің футболкаларын өз көздерімен көре алады. Әзірге аукционда сатылған ең қымбат спорт түрі американдық баскетболшы Майкл Джорданның майкасы болып тұр. Онда ол 98-ші жылы NBA финалында ойнады. Лот балғадан 10,1 миллион долларға сатылып кетті. Алдыңғы рекорд Диего Марадонаға тиесілі болды. Оның футболкасы 9,3 миллион долларға сатылды.