12 жасқа дейінгі балалардан басқа, барлық азаматтар мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге тұрады. Ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға ерікті түрде тіркелуге болады. Дактилоскопиялық тіркеу – мемлекеттік шекараларды кесіп өту рәсімін жеңілдетіп, жазатайым оқиғаларда, техногендік және табиғи апаттарда жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеңілдетеді.

Жалған құжат жасаудан, азаматтарды алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді. Жеке құжаттарға қосымша дактилоскопиялық деректер енгізілгеннен кейін үшінші тұлғаның, соның ішінде қылмыскерлер мұндай құжаттарды пайдалана алмайды.

САҒЫНДЫҚ ҚАМИТБЕКОВ  ОПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ