Нарынқол ауылында көлік қаққан оқушы қыздар Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында ем алып жатыр. Бір бала әлі реанимацияда. Дәрігерлер жасөспірімдер алдағы уақытта, аман-сау үйлеріне шығады деген үмітте.

21 қыркүйек күні 15 жастағы жасөспірім Нарынқолда ағасының көлігін рұқсатсыз мініп шығып, жол шетінде кетіп бара жатқан алты оқушы қызды қағып кеткен еді. Жарақат алған оқушылар алдымен Нарынқол аудандық ауруханаға жеткізілген.

АСҚАР ҚАЛИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ  БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ:«Жедел түрде балаларға көмек көрсетілді. Реаниматолог, травматолог, хирург дәрігерлері барды. Аудандық дәрігерлердің біліктілігінің арқасында көмектер жасалды бірлесіп. Балаларға шокқа қарсы шара жүргізілді. Аяқ-қол сүйектері сынған. Қан құйылды. Жағдайлары тұрақталғанан кейін біздің клиникаға ауыстырдық»

Дәрігердің айтуынша,бүгінде облыстық аурханада бес бала жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде, төртеуі травмотология бөлімшесінде ем қабылдауда. Қазіргі таңда науқастардың беті бері қараған.

АСҚАР ҚАЛИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ: «Осы дүйсенбіден бастап барлық балға ота жасалды. сүйектері қалпына келтірілді. Керек мамандар қарап жатыр. Ата-аналармен күнделікті кездесіп, ақпараттың бәрін жеткізіп отырмыз. Балалардың жағдайы тұрақты. Теріс динамика жоқ. Болашақта аман-сау үйлеріне шығарылады деген үміттеміз».

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.