Қоғамда кездесіп жататын дау дамайдың түрі көп. Алайда жанды жаралайтын туыстар арасындағы келіспеушіліктің туындауы өте қиын жағдай. Жақын санаған нағашыларынан жатбауырлық көрдік деген жиендері арнамызға хабарласып шағымдарын білдірген еді. Келесі тақырыпқа назар аударсақ. 

Ақ сүт беріп еміренген төл перзенттерінің де,өзін өсіріп жеткізген туыстарының да қамын ойлаған марқұм Салимбаева Бибірамның балаларының айтуынша, аналары табан еті маңдай терімен тірнектеп жүріп сауда орнын ашқан. Алайда марқұм тағдырдың жазуымен дүние салған соң артында қалған сауда орнына нағашылар мен жиендер арасында  дау туындаған. 

АБЗАЛ САЛИМБАЕВ

Бұған дейін өткен сот отырысына денсаулық жағдайымен қатыса алмадым деген Абзал істі қайта қарауға өтінім берген.  

АБЗАЛ САЛИМБАЕВ

МЕРУЕРТ ҚОЙДАРОВА ЗАҢГЕР,ҚОРҒАУШЫ

Мәселеге орай қарсы тараптың пікірін білуге тырыстық. Қолымнан келгенше өтініштерін орындап жатырмын дегенмен, сұқбат беруге келісімін бермеді. 

Осылайша біраз уақыттан бері даулы мәселеге айналған жағдай алдағы күндері өтетін сот төрелігінің еншісінде.