Нью-Делиде фермелер наразылық шарасын ұйымдасырды. Оларды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Жүздеген белсенді тракторларға отырып, кейбірі жаяу Үндістан астанасына қарай бет алды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл 2020 жылы елді дүр сілкіндірген фермерлердің жаппай наразылықтарының қайталануына әкелуі мүмкін. Ол кезде шеру бір жылдан астам уақыт жалғасқан болатын. Осы жолғы ереуілдер Премьер-Министр Нарендра Моди үшінші мерзімге сайлауға түсіп жатқан саяси науқан қарсаңында басталды.

ФЕРМЕР: «Біз астық өсіреміз, өндіреміз және оларды Делиге және Үндістаннан тыс басқа елдерге жөнелтеміз. Ал бізге, өндірушілерге шабуыл жасалуда».

Шаруалар неліктен тағы да наразылық танытып жатыр? Олар өз өнімдерінің бағасын өсіруді сұрап отыр. Сондай- ақ кәсіподақтар заңмен бекітілген кепілдікті талап етуде. Бұл нарықтағы белгісіздік жағдайында фермерлерді ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының күрт төмендеуінен сақтайды. 2021 жылы Моди фермерлердің мәселелерін шешу үшін комиссия құруға уәде берген. Алайда, ол сөзінде тұрмады. Ал 2016 жылы үкімет сала қызметкерлерінің табысын екі есеге арттыратынын айтты. Бұл да әзірге уәде ғана.
Мамандар барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекет белгілеген ең төменгі бағамен сатып алу, экономикалық тұрғыдан тиімді емес дейді. Диқандар кері шегінбейтіндерін жеткізді. Жаңа бидай орағына бір айғана уақыт қалды.