Оралдағы саяжай тұрғындары арнайы комиссияның тұрғын үймен қамту талаптарына көңілдері толмай қалалық әкімдік алдына жиналды. Ашынған халық "Баспана барлығына теңдей берілсін",-дейді.

Саяжай тұрғындарының талабы «Үйлерін су басқан тұрғындардың барлығына бөліп жармай баспана берілсін»! Бұрынғы шаңырақтары тұруға жарамсыз күйде. Баспананың ішін құрт-құмырсқа, жылан мен бақа жайлаған. 

ТАТЬЯНА ЖЫЛТЫХАЕВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ

АЛМАЖАЙ СҮНДЕТҚАЛИЕВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ

Бұл жерде көпбалалы отбасылармен қоса мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған жанұялар басым. Қашан бізге көңіл бөлінеді деген көпбалалы ана Жайнагүл Махражанова екі бірдей мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы санатымен берілуі керек тұрғын үйді де ала алмай жүрген көрінеді. 

ЖАЙНАГҮЛ МАХРАЖАНОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ

Тұрғындар эвакуациялық пункттер, жалдамалы пәтерде, туыстарының үйінде тұрып жатқанын жеткізді. Әбден қиындық көрдік, мәселеміз шешілмейінше, әкімдік алдына шығуды тоқтатпаймыз",-дейді наразы тұрғындар.