Оралда жеке тұрғын үйден өрт шығып, 42 жастағы ер адам ажал құшты. Төтеншеліктердің айтуынша, тұрғынның денесі өрт сөндірілгенен кейін табылған. Мамандар жазатайым жағдайға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін екенін айтады.
Шырт ұйқыда жатқан Ирина бөлмені жайлаған түтін иісінен, шатырдағы тарсылдаған дыбыстан оянған. Таңға жақын белгісіз дауыстан секем алған тұрғын лезде далаға беттеген. Аулаға шықса, өрт сөндіру қызметінің мамандары арнайы техниканың күшімен көршісінің үйіндегі қызыл жалынды сөндіріп әлек.
ИРИНА ТУНЕЦ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Біздің баспанамыз зардап шекті. Ас үйдің шатыры мен едені жарамсыз күйде. Көршілеріміз туыстарын паналауда, кейбірі пәтер жалдап кетті. Көршімізден айырылып қалдық. Жазда туысын жерлеген еді. Енді өзі де о дүниелік болды.
Ақтөбе көшесі, 254 үйдің жанып жатқандығы туралы қоңырау 16 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тер шамасында хабарланған. Шақырту орнына жеткен облыстық төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру қызметкерлері төбе жабыны мен үйдің шатырындағы жалынды ауыздықтаған. Кейін пәтерден 42 жастағы ер адамның денесі табылыпты. Белгілі болғандай, марқұм - №2 пәтердің иесі болып шықты.
АБЫЛАЙ МҰХАМБЕТОВ БҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Пәтер өртінің жалпы ауданы 70 шаршы метрді құраған. Өрттен зардап шеккен тұрғын үйдің иелері демеуші табылса баспанаға жөндеу жасауды жоспарлап отыр. «Өз қаражатымызбен қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Кемінде 400 мың теңге қажет»,- дейді көңілі жарты тұрғын.