Орал қаласында жертөлесі үнемі кәріз суына толатын көпқабатты үйдің тұрғындары наразылыққа шықты. Попович көшесіндегі № 2 үйдің халқы пәтер иелері кооперативі ақша жинағанымен жұмысына салғырт қарайды деп арыз-шағымдарын білдірді. 

Бұл бейнені Орал қаласының Попович көшесі 2 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары түсірген. Олар жертөлелерін айына 2-3 рет кәріз қалдықтары мен сасық су басатынына наразы. Пәтерлерін ылғал тартып, жағымсыз иіс жайлап кеткен. Жауын-шашын салдарынан электр желілері зақымданып, тұрғындардың тұрмыстық техникалары да жанып кеткен.

Бұл үйге жауапты "Агрореммаш" Пәтер иелері кооперативі кәріз құбырының жарылуы ағын су жолының тар болуынан туындағанын айтты. Мұндай су ағарлар әр жертөледе бірнешеуі болуы керек екен. Ал бұл үйде біреу ғана.

АРТЕМ КАТКОВ «АГРОРЕММАШ» ПИК ТӨРАҒАСЫ 

Пәтер иелері кооперативі мұндай жағдайларда өтінімдер бойынша қалдықтарды тегін негізде тазалауды "Батыс су арнасы" ЖШС өкілдері жүргізуі тиіс деп мәлімдеді. Алдағы уақытта кәріз проблемасын тұрғындар Пәтер иелері кооперативі, "Батыс су арнасы" және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесіп шешуі тиіс екені анықталды.