Отандық ғалымдар ойлап тапқан үй жануарларына арналған қазақстандық екпелер шетел нарығына экспортқа шықты. Бұл туралы Ғылым қорының баспасөз қызметі хабарлайды. Нақтырақ айтқанда, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Нұрлан Ахметсадықовтың жетекшілігімен «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ғалымдарының әзірлемелері Грузия мен Әзербайжан мемлекеттеріне экспорттала бастады. Өзге елдердің шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлері қазақстандық ветеринариялық өнімдердің – иммунобиологиялық қабілетіне қызығушылық танытып отыр.

Қазақстан ғалымдары ойлап тапқан қой, ешкі және ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы және үй жануарларының құтырма  індетіне қарсы, жылқының ринопневмониясына қарсы вакциналарын сатып алатын болды. Профилактикалық препараттардың өндіріс көлемі жылына 52-70 миллион доза, диагностикалық препараттар 30-50 миллион дозаны құрайды.