Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы "№207 мектеп-лицей" КММ-де жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылды. Осы шара аясында "Оқыту үдерісіндегі жасанды интеллекттінің тиімді мүмкіндіктері" тақырыбымен қалалық семинар өтті. 

Бұл семинардың мақсаты - білім беру процесінде жасанды интеллект пен ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдістерін зерттеу және білім алушылардың қабылдау психологиясына ықпал жасайтын инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы оқытудың сапасын арттыру тәжірибесімен алмасу.

Іс-шараға Алматы қаласының 8 ауданындағы білім беру ұйымдарынан жас мамандар  қатысты. Семинарды мектеп-лицей директоры А.Елеманова ашып, жас мамандарға бұл семинардың маңыздылығын, бүгінгі күні оқыту үдерісіндегі жасанды интеллекттінің тиімді мүмкіндіктері тек қана математика, информатика, физика пәндерінде ғана емес, барлық оқу пәндерінде өзекті екенін атап өтті.

Қалалық семинарға  білім беру ұйымдарынан келген жас мамандар ашық сабақтарға қатысып,  №207 мектеп-лицейдің жас мамандарының өткізген сабақтарындағы жаңашылдығын, сабақтағы зерттеулеріне, іздемпаздылығына ризашылықтарын білдірді.
Осылайша қатысушылар кәсіби даму бағытында жаңа қадамдар жасады.