Петропавл қаласындағы Ойқала ықшам ауданындағы үйлер біртіндеп қалпына келітіріліп жатыр. Қазіргі таңда 4 арнайы бригада жұмыс істеуде. 

Ойқала ықшам ауданында 38 жыл тұрып келген  Лев Любыхтың  баспанасын шатырына дейін су басқан. Айтуынша, комиссияның шешімімен үй сүріледі, себебі баспана жөндеуге жарамсыз. Қазіргі таңда барлық бағалау жұмыстары жүргізіліп болды, енді тұрғын құжаттарды жинастыру үстінде. 

ЛЕВ ЛЮБЫХ ОЙҚАЛА ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бұл үй 1986 жылы салынған. Баспанамды  бұған дейін су баспаған еді.Бірақ  осы жылы су менің үйімнің төбесіне жетті. Барлық есептеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы үй жөндеуге жарамсыз. Сол себепті қазір мен барлық керекті құжаттарды жинап жатырмын. Одан кейін жаңа баспана сатып аламын ба, әлде жаңа үй салып береді ме белгілі болады.» 

Уәлиханов ауданынан келген механикалық бригада құрамында 30 қызметкер мен 3 техника бар. Олар  Ойқала ықшам аудынындағы 134 нысанға жауапты. Қазіргі таңда бригада  әр үйден жиһаздар шығарып кептіру,  су сору, қоқыс тазалау сынды жұмыстарды жүргізуде.  

 ТАЛҒАТ САҒИТОВ СҚО УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ендігі ең басты жұмыс бізде күрделі жөндеу. Бізге берілген обьект бойынша 134 үй олардың барлығы тексерістен өтті»

Бүгінгі таңда өңірде   Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Уәлиханов, Тайынша аудандарының және Петропавл қаласының механикалық бригадалары жұмыс істеп жатыр.