Пәкістан жүздеген студенттерін Қырғызстаннан эвакуациялап жатыр. Оларды арнайы коммерциялық рейстермен үйлеріне қайтарады. Оның себебі зорлық-зомбылықтың өршуі болды.

Кеше Пәкістанға коммерциялық рейспен 130-ға жуық студент оралды. Бүгін үш коммерциялық арнайы рейс ұйымдастырылды. Тағы 540 студент қайта алады, жалпы саны — 670 адам.Қырғыз полициясы жұма күні ел астанасында шетелдік студенттерге, соның ішінде пәкістандықтар тұратын ғимараттарға шабуыл жасаған жүздеген қырғыз жігітті тоқтату үшін күш жұмылдырғанын хабарлады.Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі төрт пәкістандықтың алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілгенін, тағы біреуі жарақатына байланысты емделіп жатқанын растады. Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф болса, өз мәлімдемесінде Қырғызстанда орын алған оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, Исламабад Бішкектен кеткісі келетін  кез-келген пәкістандықты қайтарып алатынын хабарлады.